26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дәрет алғанда денеде болатын ғажап өзгерістер

Дәрет алғанда денеде болатын ғажап өзгерістер

Намаз

Дәрет алғанда денеде көптеген өзгерістер орын алатынын байқай бермейміз.

Бет, қол, аяқ секілді мүшелерімізге су тиген кезде ондағы дене температурасы түсіп, қан тамырлары қысылады. Сондықтан дене температурасы қалыпқа келу үшін қан айналымы артады. Қан айналымының күшеюі сол маңайдағы жүйке клеткаларының жұмысын жақсартады. Жүйке клеткаларының мидағы жүйке клеткасымен байланыста болуы адамды сергітеді. Өйткені, мидың сергектігі – дененің сергектігі. Әдетте талып қалған адамның есін жинату үшін басын немесе бетін суық сумен жуады, өйткені бетті суық сумен жуу мидағы қанның сол маңайларға баруын қамтамасыз етеді . Нәтижесінде бұл процесс адамның есін жинауына көмектеседі. Бұнымен қоса, соңғы зерттеулерге сәйкес дәрет алатын адамдар дәрігерге тексерілгенде көпшілігінің мұрындары таза болады. Ал дәрет алмайтындар мұрыны лас және микробтарға арналған егістік секілді болады. Дәрет болса мұрынды көптеген аурулардан сақтап, тыныс алу мүшелеріне микробтардың кіруіне жол бермейді.

Осы орайда айтылатын нәрсе, мұсылман мемлекеттерінде тері рагымен ауыратын науқастардың пайыздық қатынасы, ауа райының ыстық болуына қарамастан өте төмен. Себебі дәрет теріде пайда болатын химиялық заттарды теріге жиналмастан бұрын жояды. Сол секілді күн сәулелері атмосфераға түскен кезде, атмосфераның бір қабаты өзіне күннің рентген сәулелері мен ультрафиолет сәулелерін сіңіру арқылы зарядтала бастайды, ол қабатты «иносфера» деп атайды. Ол қабат жер бетіне электр зарядтарын түсіреді. Ал жер бетіндегі күллі нәрселер, тіпті, адамдар да оның ықпалына түседі. Қысқасы, намаз оқымасаң да, дәрет алып жүру пайдалы.

Қызықты тәжірибелерінің бірінде Discovery арнасында ғылыми бағдарламаларды жүргізетін Ричард Марк Хаммонд құлыпталған кішкентай ағаш үйдің ішіне бір шелек бензин мен тоқ өткізетін сымды қояды. Сөйтіп белгілі бір қашықтықтағы жерде жүннен тоқылған киім киген адам пластик ыдыстың ішіне кіріп (пластик ыдыстың мақсатын кейінірек айтамыз) денесін бір екі- минут үйкелеп, саусағымен сымның екінші ұшынан ұстаған. Сол кезде ағаш үйдің күлталқаны шығып жарылады. Яғни, адам денесінде электр ұшқындары пайда болып, сым арқылы бензин тұрған ағаш үйге өтіп, үйдің күл-талқаны шығып жарылған. Сөйтіп бұл тәжірибе адам денесінде электр зарядтары болатынын дәлелдейді. Қауіпті электр зарядтарын кетіру үшін Алла Тағала біздің басқа дене мүшелеріміз қаттырақ терлеп, көбірек шаңданса да, дәрет алғанда тек аяқ-қолымызды жууды әмір етті. Ал «неге тек аяққолымыз» деген сұраққа былай жауап береді.

Негізгі мақсат – зиянды электр зарядтарын кетіріп, жаңа күш жинау. Дәретке басқа қырынан қарайтын болсақ, су табылмайтынжағдайларда Алла Тағала бізге тәйәмүмді әмір еткен. Тәйәмүм дегеніміз – су жоқ кезде топырақпен немесе тас сияқты топырақ жынысынан болған нәрселермен қол мен бетті сипау. Себебі жер де зиянды электр зарядтарды жояды. Жоғарыда айтылған тәжірибеде адамның пластик ыдысқа кіруінің сыры осында, яғни жерден толық оқшаулану қажет болған. Жер бетімен байланыста болу – адам өзін үйкелеп жатқанда пайда болатын зиянды электр зарядтарын жояды. Осыдан соң дәретке деген көзқарасың өзгерді деп үміттенемін. Ерінгенде, шаршағанда немесе түк істегің келмеген кезде керісінше дәрет алу – күш-қуат беретін көз. Ойыңды жинақтауды қажет ететін жұмысты бастамас бұрын дәрет ал! Намаз уақыты болмаса да саған дәреттің көмегі тиеді!

материал «Мүмкіндік» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: