26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?

Дәретсіз күйде не істеуге болмайды?

Намаз

1. Намазды және оған ұқсайтын тиләуат сәждесі, шүкір сәждесі, жаназа намазы секілді құлшылықтарды атқаруға болмайды.

Әбу Һурайра (Алла Тағала оған разы болсын) Алланың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты: «Дәреті бұзылған кісі қайта дәрет алмайынша намазы қабыл болмайды».

2. Құран кітабын, құран аяттары жазылған нәрсені, құран аяттарымен безендірілген қабырғаны және жиектемені ұстауға болмайды. Ибн Омар (Алла Тағала оған разы болсын) Алланың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты: «Құранды дәретті кісі ғана ұстайды». Алайда Құран кітабы салынған қапшықты, сөмкені, қолдорбаны, портфельді ұстауға болады. Сонымен қатар дәретсіз кісіге Құран аятын қағазға жазуға тыйым салынбайды. Тәпсір кітабына келетін болсақ, егер тәпсірдің көлемі Құраннан көп болса, дәретсіз ұстауға болады. Тәпсірдің көлемі Құраннан аз немесе оған тең болса, дәретсіз ұстауға болмайды.

3. Қағбаны тауап ету. Ибн Аббастан (Алла Тағала оған разы болсын) пайғамбарымыз (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай деді: «Қағбаны тауап ету дегеніміз – намаз. Айырмашылығы, Алла тауап кезінде сөйлесулеріңе рұқсат етті. Кім тауап кезінде сөйлесе, жақсылықтан басқасын сөйлемесін».

материал «Құлшылықтар фиқһы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: