26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құлшылық жасауда тағдырды сылтау етуге болмайды

Құлшылық жасауда тағдырды сылтау етуге болмайды

Намаз

Әрбір мұсылман жақсылық пен жамандық Алланың тағдыр еткені және Оның білімі мен қалауы бойынша екеніне сенуге міндетті.

Бірақ пенденің жақсылық не жамандық істеуі оның таңдау еркіне байланысты. Пенде Алла және Оның елшісінің (с.а.с.) бұйрығы мен тыйымына көңіл бөлуге міндетті. Адам баласының Аллаға асылық жасап, «Бұл – Алланың тағдыр еткені» деуі – қате қылық. Өйткені Алла Тағала адамдарға бақыт пен бақытсыздық жолын түсіндіретін елшілер жіберіп, кітаптар түсірді, ақыл-парасат пен ойлау қабілетін дарытып, тура жол мен адасуды танытты.

Алла Тағала: «Расында, оған тура жол көрсеттік. Мейлі, шүкіршілік қылсын, мейлі, күпірлік танытсын», – деген. Адам намаз оқуды тастаған не шарап ішкен жағдайда, Алланың бұйрығы мен тыйымына қарсы келгені үшін жазаға лайық болады. Мұндайда ол бұл ісі үшін өкініп, тәубеге келуі тиіс, тағдырды сылтауратуы оны жазадан құтқара алмайды.

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: