26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жайнамазға өзінің атын жаздырып қоюға бола ма?

Жайнамазға өзінің атын жаздырып қоюға бола ма?

Намаз

Жайнамазға өзінің атын жазып қоюға бола ма?  

Жайнамазға аты-жөнін жазып қоюдың ағаттығы жоқ. Тек, екі нәрсені есте сақтау керек:

Біріншісі – Есімі Алланың есім-сипаттарымен байланысты болмауы тиіс. Есімі Алланың есімімімен байланысты болса, жазбағаны дұрыс. Мысалы, Абдурахман, Абдулла т.б.

Екіншісі – есімін араб әріптерімен жаздырмағаны жөн. Өйткені, Құран аяттары араб әріптерімен жазылғандықтан, араб әріпі де құрметті. Оны аяқ асты етпеген жақсы.

Ендігі жерде, есімін жаздырған абзал ма, жаздырмаған абзал ма? – десеңіз, мүлдем есімін жаздырмаған абзал. Неге десеңіз, намаз оқып тұрған адамның көңілін аударатын нәрселер мәкруһ саналған. Ал жайнамаздағы адамның есімі намаздағы кісінің көңілін аударып, ойын бөлуі мүмкін. Риуаяттарға қарағанда, Пайғамбарымыз (с.а.у) намаз оқып тұрып, киіміндегі өрнектерге көзі түсіп кетеді. Содан намазын оқып болғаннан кейін Ол (с.а.у.): «Мына киім жаңа ғана намазымда көңілімді бұзды. Оны Әбу Жәһмге апарып, одан бір түсті киім алып келіңдерші», – деген екен (Сахих Бұхари. Китабус сала. №366).

материал «Заман тудырған сұрақтар, ІІ том» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: