27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Сәжденің дұрыстығына қажетті шарттар

Сәжденің дұрыстығына қажетті шарттар

Намаз

Сәжденің дұрыстығына қажетті шарттар:

Жеті мүшемен жасалуы.

Маңдаймен қоса мұрынның тиюі.

Әбу Хамид Ас-Саъиди, Алла Тағала оған разы болсын, былай деді: «Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа саллам) сәжде жасағанда жерге мұрны мен маңдайын тигізетін» (Тирмизи).

Жағдайсыздық туғанда сәждеге бас қойылатын орын аяқ орнынан жарты шынтақ деңгейінде биік болса, сәжде дұрыс болады. Ал одан биігірек жерге сәжде жасау дұрыс емес. Жамағат қысылысқандықтан сәжде жасайтын орын болмаса, сәждені алдыңғы адамның арқасына жасауға болады. Бұл үшін алдыңғы кісінің сәждеде толық болуы шарт. Омар, Алла Тағала оған разы болсын, Алланың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін жеткізді: «Қатты қыспаққа жолыққан кісі сәждені бауырының арқасына жасасын». Мәжбүрлік жағдайда сәжде жасау үшін жерге бір алақанның, бір тізенің және бір башпайдың тиюі жеткілікті болады.

Рүкуғтан кейін жасалуы.

Екі мәрте жасалуы. Бірінші сәждеге қажетті шарттар екінші сәждеге де қатысты.

Сәжденің екі мәрте жасалуы – парыз. Әбу Һурайра, Алла  Тағала оған разы болсын, Алланың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) бір кісіге былай дегенін айтты: «..Сосын сәжде жасап, денең жайланғанша (көтерілме). Кейін отырыс жасап, денең жайланғанша (сәжде жасама). Сосын сәжде жасап, денең жайланғанша (қиямға тұрма)...» - дейді.

Ибн Омар, Алла Тағала оған разы болсын, Алланың елшісінің (саллаллаһу алайһи уа саллам) былай дегенін айтты: «Сәжде жасағанда әркім екі қолын жерге қойсын. Көтерілген кезде қолдарын да көтерсін. Әлбетте, беттің сәжде жасауы секілді екі қол да сәжде жасайды».

Соңғы отырыс.

Соңғы отырыстың ұзақтығы тәшәһһудпен өлшенеді. Алланың елшісі (саллаллаһу алайһи уа саллам) Ибн Масъудқа, Алла Тағала оған разы болсын, тәшәһһудті үйреткенде былай деді: «Мұны (осы сөздерді) айтып болғаныңда немесе мұны аяқтағаныңда намазды тәмәмдаған болдың. Сосын тұрғың келсе, тұр. Отырғың келсе, отыр».

Ташаһһуд сөздері:


Ташаһһудтың қазақша мағынасы: «Барлық қошемет сөздер, намаздар және жақсылықтар – Алла үшін. Әй пайғамбар! Саған Алладан есендік, рахымы мен берекесі болсын. Сондай-ақ есендік бізге де, және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Алладан басқа тәңір жоқтығына куәмін және Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәмін».

материал «Құлшылықтар фиқһы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: