25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Нәпіл құлшылықтар арқылы дұғаның қабыл болуы

Нәпіл құлшылықтар арқылы дұғаның қабыл болуы

Намаз

Біздің әрбір атқарып отырған қосымша ғибадаттарымыз Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне жеткізумен қатар, арам істерге аяқ басудан сақтайды, сұраған дұға-тілегіміздің қабыл болуына себепші болады.

Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен құдси хадисте Алла Тағала «Кім менің әулие құлыма зиян берсе, ол адамға сүйікті нәрсемен жақындай алмайды. Ал осы парыздарыммен бірге нәпіл амалдармен Маған жақындай берсе, Мен оны жақсы көретін боламын. Егер Мен оны жақсы көрсем, лның еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын. Ол Менен бірдеңе сұраса, сұрағанын беремін. Менен пана тілесе, пана боламын», - дейді (имам Бұхари).

Белгілі хадисші ғұлама Ибн Хажар Асқалани бұл хадистің түсіндірмесінде «Еститін құлағф, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын», - деген сөзге қатысты бірнеше анықтамалар келтіріп, «Ол адамның аталған дене-мүшелерінің бәрі тек Аллаға ұмтылып, құлағы Алла разы болатын нәрсені ғана естіп, көзі Алла әмір еткен нәрселерді ғана көретін болады. Адамның көз-құлағы, аяқ-қолы әрдайым оның қызметінде болатыны секілді Алла Тағала да әрдайым ол адамға көмек көрсетеді. Алла Тағала оның аяқ-ұолын, көзі мен құлағын арамнан қорғайтын болады», - деп түсіндірген.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: