26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тәубе етушілердің намазы

Намаз

Ата дінімізде Алла Тағала бекіткен парыз амалдардан басқа қосымша құлшылықтардың атқарылу жолдары көрсетілген. Мұндай нәпіл (қосымша) ғибадаттар парыздардың орнын толтыру, құлшылықты кемелдендіру, Аллаға сүйікті болу жолында қажет. Адамды Аллаға жақындататын нәпіл ғибадаттардың бірі – дұха намазы.

Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) жеткізген басқа хадисте: «Дұха намазын тәубе етушіден басқа ешкім үнемі орындамайды, шын мәнінде бұл – тәубе етушілердің намазы!» делінген, (Ибн Хузейма).

Дұха намазының уақыты күн көтерілгеннен кейін басталып, бесін намазына аз уақыт қалғанда аяқталады. Ғалымдар оны нақтырақ есептеп, күн шыққаннан кейін 15 минуттан кейін басталып, бесін намазына 10 минут қалғанда аяқталады деп белгілеген. Мүмкіндік болса, дұха намазын күн ысығанда оқыған абзал. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Тәубе етушілердің намазы – түйелердің балалары күнге қыздырына бастаған уақытта» деген (Муслим).

Және дұха намазы әр буынның садақасын алмастырады. Алла Елшісі: «Күн шыққан әрбір күні әрқайсысың денелеріңде неше буын болса, сонша садақа беруге тиістісіңдер. Әрбір айтылған: «Субхана-Ллаһ» – садақа және «Әлхамду ли-Лләһ» – садақа. Әрбір айтылған «Лә иләһә ила-Ллаһ» – садақа және әрбір айтылған: «Аллаһу Әкбар» – садақа. Жақсылыққа шақыру - садақа, жамандықтан тыю да - садақа, бірақ осының бәрін таңертіңгілік оқылған екі бас нәпіл намаз /дұха/ ауыстыра алады», - деген. (Муслим)

материал «Негізгі Ислам білімдері» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: