Біріккен араб әмірлігінің Шарджа қаласы 2019 жылдағы Әлемнің кітап астанасы деп жарияланды.
Қалаға осындай мәртебе беру туралы ЮНЕСКО шешім қабылдады. Бұл мәртебе «Оқыңыздар – сіздер Шарджадасыздар» ұранымен бірқатар бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қалада кітап оқуға қызықтыратын шаралар, ой-пікір білдіру еркіндігі бойынша симпозиумдар, жас ақындар конкурсы және Брайля жүйесі бойынша кітаптар жасау семинар-тренингтері өтеді.
Сондай-ақ, осы жылы Шарджа қаласында алғаш рет кітап басып шығару мен таратуға арналған еркін аймақ ашылады. Әлемнің кітап астанасы мәртебесі ресми Шаржаға 2019 жылдың 23 сәуірінде, Әлемдік кітап және авторлық құқық күні тапсырылады.
ummet.kz-ақпарат