Британ археологтары Эфиопияның шығысындағы біздің дәуірімізге дейінгі Х ғасырда салынған ескі қала Харла аймағынан XII ғасырда іргетасы қаланған мешіт орнын тапты, деп хабарлайды ВВС арнасы.
Ұлыбританиядағы Эксетерск университетінің профессоры Тимоти Инсолдың айтуынша, Харла қаласы аймақтық қолөнер және сауда орталығы болған. Онда қолөнер шеберлері әсемдік, әшекей заттарын дайындаумен айналысқан.
«Харла халқы аралас, шетелдіктер мен жергілікті тұрғындар болды. Олар Қызыл теңіз, Үнді мұхиты, сондай-ақ, Араб шығанағындағы елдермен сауда-саттық жүргізген. Қазба барысында табылған жәдігер заттар Харлаға Мадагаскар, Мальдив аралдары, Йемен мен Қытай елдерінен әкелінген. Бұл жаңалықтар Эфиопияның ұмыт қалған көне қаласындағы сауда-саттық туралы пікірлерімізді өзгертті» дейді профессор Инсолл.
ummet.kz-ақпарат