Абу-Даби қаласындағы мешітке Иса пайғамбар анасы Мәриям есімі берілді.
Абу-Даби мұрагер ханзадасы, БАӘ Қарулы күштері жоғары бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бин Зайед әл-Нахайанның пікірінше, бұл шешім дінаралық татулықты нығайтады.
Ханзаданың бұл бастамасына бірқатар мемлекеттік, діни қайраткерлер, оның ішінде әмірліктің Тағаттылық мәселелері бойынша мемлекеттік министрі Лубна әл-Касими мен Ислам істері және садақа бойынша бас әкімшілік төрағасы Мұхаммед Маттар әл-Кааби ризалық білдіріп, алғыстарын айтты.
Министр өз сөзінде «БАӘ әрқашан елдегі барлық тұрғындар арасында әділдік пен бауырлыққа негізделген төзімділік пен мейірімділіктің нығаюына мүдделі» деп атап кетті.
ummet.kz-ақпарат