Күн шуақты Мәдина қаласында тәжірибе ретінде екіқабатты автобустардың туристік бағыты іске қосылады.
Мәдинаны дамыту басқармасы басшылығымен қаланың маңызды жерлері бойынша автобус бағыты операторлығы жеке компания құзыретіне берілген, деп хабарлайды Arabiya.
Ведомство өкілі Фахад әл-Байтидің айтуынша, бұл жоба жақын уақытта іске қосылады, ал оны әзірлеуге кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері және корольдіктің әйелдер қауымы да атсалысқан.
Мәдина қаласын аралайтын екіқабатты көлік мүгедек жандарға да қолайлы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бағыт Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінен басталып, қаланың 11 қасиетті орнын, оның ішінде әл-Баки қабірі, Ухуд тауы, Каблатин мешіті, т.б.бойынша жүргізіледі.
Осы бағыттар бойынша автобустар тәулігіне 14 сағат қызмет көрсетеді.
ummet.kz-ақпарат