Ұлыбритания ханзадасы Гарри өзінің Heads Together қайырымдылық кампаниясының халықаралық бес күндік сапары барысында Сингапур еліне келді.
Ханзада Гарри 4 маусым күні Сингапурге келді. Ханзада онда балалар үйіне барып, СПИД мәселелері және психологиялық денсаулық жөніндегі қайырымдылық ұйымы өкілдерімен кездесті.
Кешке басқарушы династия өкілі сингапурлік мұсылмандардың ауызашар кешіне қатысты. Дастарқан басында орталық директоры Рамазан айымен құттықтау сөзін арнады. Сонымен қатар, Ханзада Гарри Лондон терактісіне байланысты Сингапур мұсылмандарының көңіл айтуларын қабыл алды. Гарри ауызашарды құрмамен бастап, өзіне жауапты гид қызметкердің Рамазан айы туралы мәліметтерін тыңдады.
ummet.kz-ақпарат