Германияның Минден қаласында сириялық мигрант тұрмыстық қолданыста болған үй жиһазын сатып алып, күтпеген жерден 150 мың еуро ақша тауып алды.
Ақша киім шкафының құпия жеріне жасырылған, деп хабарлайды The Local.
Муханнад есімді ер азамат қайырымдылық ұйымының демеушілігімен қол жеткізген жаңа пәтеріне осы шкафты сатып алған. Жиһазды тазалап шығуды ұйғарған ол құпия кеңістікті байқайды. Онда 100 мың еуро көлемінде жинақ кітапшасы мен 50 мың еуро ақшалай табылды.
Муханнад купюралардың түпнұсқалығын тексертіп, табылған қаражатты толығымен полицияға табыстады. Ол аяқ асты кезіккен олжаны өзіне қалдырмауының себебін ондай әрекеттің ислам дінінде құп көрілмеуімен түсіндірді. Полиция қазіргі уақытта қаражаттың иесін іздестіру үстінде.
ummet.kz-ақпарат