Онтарио штаты Гамильтон қаласындағы Макмастер университетінде «Canadian National Brain Bee» ұлттық интеллектуалдық конкурсы өтті.
Әділ қазылар Канаданың әр бұрышынан сайысқа қатысушылардың ішінен жоғары сыныптың 14 оқушысын «ең ақылдылар» қатарына іріктеп алды.
Оқушылар нейрология мен нейроанатомия саласындағы өз білімдерін ортаға салды. Конкурстың қатаң талаптарынан сүрінбей өткен 17 жасар мұсылман қызы Нуран Абумазен ең үздігі деп танылды.
«Мен осы сайысқа қатысқанымды мақтан тұтамын. Барлық қатысушылар өте белсенді де білімді. Бәріміз достасып кеттік» дейді Нуран марапаттау рәсімінде. Ол мектепті аяқтағаннан кейін медицина саласында білім алуды мақсат етеді. «Ватерлоо университетінде жаратылыстану ғылымын игергім келеді. Болашақта дәрігер болсам деп армандаймын» дейді ол.
Нуран Абумазен енді жуық уақытта Данияда нейрология мен нейроанатомия бойынша халықаралық конкурста Канаданың абыройын қорғайды.
ummet.kz-ақпарат