Бангладеш Жоғары соты ислам дінін мемлекеттік дін мәртебесінен ажырату туралы 1988 жылғы петицияны кері қайтарды. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Жоғары соттың бұл шешімі өз кезегінде ислам діні Бангладештегі басты діндердің бірі ретінде қалатынын байқатады. Сот өкілінің айтуынша, ескі заңнаманы қайта қарауды өтінген бастамашы топтың заңдық мәртебесі болмаған және ресми тіркеуден өтпеген.
ummet.kz-ақпарат