15
Жұма,
Қараша

һижри

Таи мейманханасы халал стандартына көшті

Жаһан
Жарнама

Таиланд астанасы Бангкокте тұңғыш рет Al Meroz Hotel халал мейрамханасы іске қосылды.

Суварнабхуми әуежайына жақын маңдағы іскерлік қала орталығында орналасқан қонақ үй Таиландқа жыл санап мұсылман елдерінен келуші туристердің көбеюіне байланысты ашылып отыр.

Мейманхана кешенінде 242 қонақ бөлмесі, үш мейрамхана, ашық аспан астындағы бассейн, спорт залы және бірнеше сөйлесуге арналған бөлмелер бар. Al Meroz өз қонақтарына алкогольді ішімдіктер ұсынбайды, сондай-ақ барлық ас-тағамдары халал талаптарына сәйкес әзірленеді. Ерлер мен әйелдерге арналған құлшылық бөлмелері бар.

Сонымен қатар, мейманхана қызметкерлерінің 60%-ы ислам дінін ұстанады, бұл қатарда атқарушы директор мен бас менеджері де бар.

«Қазір әлемде 1,6 млрд мұсылман бар, бұл шамамен жер бетіндегі халықтың 23%-ын құрайды. Мамандардың зерттеуінше, 2030 жылы мұсылмандар 2,2 млрд-қа өседі. Бұл өз кезегінде туристік салада тұтынушылар көлемінің артуының бір себебі» дейді Al Meroz Hotel президенті Росак Малсал.

Айта кетсек, мейманхана Gulf Halal Дубай ұйымының стандартынан өткен. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: