Қалыңдық жігіттің үйіне келін болып түсерден бір-екі апта бұрын ғана некелерін қиюларына болады.
Әрі бұл екі жақтың ата-аналарының рұқсатымен болуы керек. Көптеген мұсылман елдерінде қыз бен жігіт тойға әзірлікті бірге жасайтындықтан некелерін тойдан бұрын қиып қояды. Алайда тойдан бір яки бірнеше ай бұрын некелерін қиюларына болмайды. Ал ата-аналарының батасын алмай мүлде қиюға болмайды. Өйткені, некелері қиылған қыз бен жігіт «ерлі-зайыптымыз» деп күндердің бір күні жақындасып қоюлары мүмкін. Содан соң көп ұзамай бір-бірімен жараса алмай ажырасып кетулері мүмкін. Олардың некелерінен бейхабар құдалар кейіннен есітіп білсе арты дауға ұласары анық. Той болмағандықтан бұл ел-жұртқа «азаматтық неке» болып қана көрінбек. Әсіресе, тойдан бұрын қыздың аяғы ауыр болып қалса, қанша тақуа болса да бұл жағдайды түсіндіре алмайды. Атам қазақтың «үйлену оңай, үй болу қиын» деген қанатты сөзінде терең сыр жатыр.
материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды,
ummet.kz