25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Намазда тобық тигізу

Намазда тобық тигізу

Күдікпен күрес
Жарнама

Мешіт ішінде бес уақыт намаз немесе жұмы намазында сапқа тұрған кезде жамағаттың арасында талтайып аяқтарын жанында тұрған адамдардың аяқтарына жабыстырып, тіпті кейде жаншып басып алатын да жағдайлардың болып жатқанына куәміз. Бұл  біздің жерге қайдан келді? Бұл амал дұрыс па бұрыс па?

Осы сұрақтарға бізге келіп жеткен Пайғамбардың (с.ғ.с.) шариф хадистері мен амалдарынан зерттеп қарайтын боламыз.

عَن ابن عُمرَ رضيَ اللَّه عنهما، أَنَّ رسولَ اللَّهِ ﷺ قالَ: "أَقِيمُوا الصُّفُوفَ وَحَاذُوا بَينَ المنَاكِب، وسُدُّوا الخَلَلَ، وَلِينُوا بِأَيْدِي إِخْوَانِكُمْ، وَلا تَذَرُوا فَرُجَاتٍ للشيْطانِ، ومَنْ وصَلَ صَفًّا وَصَلَهُ اللَّه، وَمَنْ قَطَعَ صَفًّا قَطَعهُ اللَّه"[1]

Абдулла ибн Омаран (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  былай деген: «Саптарыңды түзеңдер, иықтарыңды теңестіріңдер және бос орындарды толтырыңдар, сап түзеу үшін қолдарыңнан тартқан бауырларыңа жұмсақтық танытыңдар  және шайтанға ашық орын қалдырмаңдар. Кімде кім саптағы бос орынды толтырар болса, оны Алла рақымына жалғайды, ал кімде-кім сап толтырмай бұзатын болса, Алла ол адамды рақымынан шеттетеді».

وعَنْ أَنسٍ رضيَ اللَّه عنه  أَنَّ رسولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: "رُصُّوا صُفُوفَكُمْ، وَقَاربُوا بَيْنَها، وحاذُوا بالأَعْناق، فَوَالَّذِي نَفْسِي بيَدِهِ إِنَّي لأَرَى الشَّيْطَانَ يَدْخُلُ منْ خَلَلِ الصَّفِّ، كأنَّها الحَذَفُ"[2]

Әнәс бин Маликтен (р.а.) келген хадис шарифте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Саптарыңда тығыз тұрыңдар және араларыңды жақын ұстаңдар, сапты бастарыңмен түзетіңдер, жанымның иесі болған Жаратушымен ант етемін, расында мен саптардың бос қалған жерлеріне шайттанның қой секілді кіріп жатқанын көремін» деген.

عن النُّعْمَانَ بْنَ بَشِيرٍ رضي الله عنهما قال : كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يُسَوِّي صُفُوفَنَا حَتَّى كَأَنَّمَا يُسَوِّي بِهَا الْقِدَاحَ ، حَتَّى رَأَى أَنَّا قَدْ عَقَلْنَا عَنْهُ ثُمَّ خَرَجَ يَوْمًا فَقَامَ حَتَّى كَادَ يُكَبِّرُ ، فَرَأَى رَجُلا بَادِيًا صَدْرُهُ مِنْ الصَّفِّ ، فَقَالَ : عِبَادَ اللَّهِ ، لَتُسَوُّنَّ صُفُوفَكُمْ أَوْ لَيُخَالِفَنَّ اللَّهُ بَيْنَ وُجُوهِكُمْ[3]

Нұғман бин Башир (р.а) былай дейді: «Алла елшісі (с.ғ.с.) сапты тізіліп тұратын жебелер секілді болғанға дейін түзеп шығатын. Сонда кеудесі алдыға шығып тұрған біреуді көріп қалып, «Саптарыңды түзеңдер, әйтпесе Алла жүректеріңе қайшылық салады» деді».

Аталмыш хадистерде Пайғамбарымыз сапты түзеу амалында үш түрлі мағыналы сөзбен айтқан:

  1. Сапты иық арқылы түзеу
  2. Сапты бас арқылы түзеу
  3. Саптағы көкіректердің түзу болулары.

Алайда ешбір хадисте Алла елшісі өз ауызымен тобықтарыңды жабыстырыңдар деп айтпаған да немесе сахабалардың саптарын түзегенде аяқты аяқа тақап түйістіріп тұруды бұйырмаған. Демек намазда тобықты тобыққа жабыстырып тұру дінбұзарлардың тоқыған амалдары болып табылады.

Қорытынды:

  1. Жамағат намазында сап түзеу бекітілген сүннет, бәлкім әрбір мұсылманға міндет болып табылады.
  2. Сап түзегенде тобықты тобыққа немесе жалпы аяқты аяққа жабыстырып алуды міндет деп есептеу Пайғамбардың сөзіне немесе ісіне сәйкес келмейді.
  3. Сап ішінде адам менен адамның арасы кішкентай денелі малдың (қозы, лақ, ит) көлеміндей орын қалса шайтанның үлесіне айналады.
  4. Хадисті әр адам өз түсінігімен емес ғалымдардың түсіндірмесі арқылы ұғынуы міндетті.
  5. Адасқан адамдардың қазақ жеріне кіргізіп жатқан бидғат тірліктеріне әуестене қарап моды санау дұрыс емес.

 

Нұрсұлтан Мамедалиев

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы


[1] أخرجه : أبوداود رقم:662 ، وابن حبان رقم:2173

[2] أخرجه : ابن حبان رقم: 2163

[3] مسلم رقم : 436

Бөлісу: