25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қоршаған ортаны қорғауың–салауатты өмірді қолдауың

Бір аят тәпсірі
Жарнама

Шынайы мұсылман адам Жаратушысын, әрі Оның Елшісін (с.ғ.с) жақсы көрері сөзсіз.  Ал жақсы көруші жақсы көргенінің ұнатқанын да ұнатады. Алла Тағала жерді кемел түрде жаратқан. Ендеше кемел жаратылысты таза күйінше сақтау Алланы сүйген құлдардың сипаты.

Себебі кері жағдайда Алланың кемел, әрі сұлу етіп жаратқанын байқамау, оған немқурай атүсті қарау болады. Алланың нығметін бағаламайды. Алланың сұлу жаратылысын сұлу күйінде сақтау–Оның нығметін сезіну, Оның нығметін сезіну–шүкірлік, ал шүкіршілік болса–ғибадат. Аллаға ғибадат қашан да жақсылыққа бастайды. Кері жағдайда бүлік пен бұзақылық көбейеді. Осыған қатысты «әл-Азхар» университетінің шейхі, марқұм шейх Тантауидің «Уасит» атты тафсирінен «Рум» сүресінің 41-ші аятының тәпсірін ұсынамыз.

Шейх Мухаммед Сайид Тантауи тәпсірінен:

ظَهَرَ الْفَسَادُ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ بِمَا كَسَبَتْ أَيْدِي النَّاسِ لِيُذِيقَهُم بَعْضَ الَّذِي عَمِلُوا لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ

«Адамдардың қолекі істегендерінің кейбірінің сазайын таттыру үшін құрлықта әрі теңізде бұзықтық шықты. Мүмкін олар, бағыттарынан қайтар» (Рум 41)

Ибн Касирдің (Алла оған мейірімін жаудырсын) осы аятты тәпсірлеп былай деді: «Ибн Аббас (р.а) және басқаларының айтулары бойынша бұл аяттағы құрлық – кең сахара жазықтықтар, ал теңіз болса – үлкенді-кішілі кенттер, әрі өзендердің жанында орналасқан елді-мекендер. Ал басқа топ ғалымдардың көзқарасында бұл аяттағы құрлық – баршамызға мәлім болған құрлық, сол сияқты, теңіз деген де – кәдімгі теңіз. Алайда бұл екі көзқарастың дұрысырағы біріншісі болмақ. Себебі ол көзқарас ғалымдардың көпшілігінің ұстанымы. Ибн Исхақтың «Сира» кітабында келген оқиға да осы көзқарасты қуаттай түседі. Онда Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Әйлә патшасымен келісімге отырғанда оған «теңізінде» деп азған. Алайда ондағы «теңізі» деген сөзінің мағынасы «қаласы» деген мағынада болған.»

Осы тәпсірге қарай аяттың жалпы мағынасы: қалада да, далада да бұзақы-бүлік орнады. Ол Аллаға серік қосу мен зұлымдықтың жайылуында көрініс тапты. Онымен қоса адам өлтіру, нақақтан қан төгу, қызғаныш, қастандық қарқындап, ішіп-жем, жеміс, көкөністерден береке кетті. Онда адам баласы үшін тек зиян ғана бар, пайда жоқ.

Ибн Касир (р.а) Абу Алияның мына сөзін жеткізді: «Кімде-кім жерде жүріп Аллаға қарсылық танытып күнә жасаса, ендеше жерде бұзақы-бүлік жасаған болады. Себебі жер мен көкте жақсылық жасау тек Аллаға мойынсұну арқылы іске асады. Осыған орай Абу Даудтың жеткізген хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с):

الحد يقام في الأرض، أحب إلى أهلها من أن يمطروا أربعين صباحا

«Жерде заң жазасының жүзеге асуы ондағы халық үшін қырық күн жаңбыр жауғанынан жақсы» дейді. Себебі, қандай да бір қылмыстың жазасы берілсе адамдардың барлығы, немесе олардың көбісі, я да бір бөлігі ол қылмысты жасаудан тартынады, харам іске бой алдырмайды. Күнәлі істер жиі жасалса ортадан берекет кетеді. Ал керісінше әділдік орнаса, береке мен жақсылық көбейеді. Оған бірден бір дәлел мына сахих хадис:

إن الفاجر إذا مات تستريح منه العباد والبلاد والشجر والدواب

«Егер күнахар адам өлсе, адамдар да, қалалар да, ағаштар да, жануарлар да одан сергіп қалады». (Бухари, Муслим)

Ал  аяттағы «Адамдардың қолекі істегендерінің» деген бөлігі – бүліктің қайдан бастау алатынына меңзейді. Яғни, жер бетін бүлік жайлап, құрлық пен теңіздерде бұзақылықтың көбеюі –  адамдардың күнәға белшесінен батуларынан, шаһуаттарына еріп, Алланың әмірінен бас тартуларынан болады. Алла Тағала бұл жөнінде:

وَما أَصابَكُمْ مِنْ مُصِيبَةٍ فَبِما كَسَبَتْ أَيْدِيكُمْ وَيَعْفُوا عَنْ كَثِيرٍ

«Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіп жібереді» (Шура 30)– деді.

Демек жер бетіндегі барлық бүлік атауы өздігінен бола қалмайды. Ол адамдардың әрекеттерінен, Аллаға мойынсұнудан қашудан, күнәға жақын болудан туындайды.

Ummet.kz

Бөлісу: