Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.
«Араның қарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда да ойлайтын қаумы үшін ғибрат бар»(Нахыл сүресі,69 аят).
Жағфар Сады хазіреті айтқан екен:
«Алла тағаланың барлығына бал жиятын арадан артық не дәлел керек, кішкентай жәндіктің артында бал, аузында уы бар. Ол екеуі таусылмайды да. Бір-біріне қосылмайды»,-деп.
Қарақаниддтер дәуірінде өмір сүрген абыз ақын, Ахмет Игүнекей былай суреттейді:
«Ұшқан құс, жүгірген аң –барлығы да,
Паш етер Сені «Бар»-деп, жөн бар соған.
Бірлігіңді білуге ұмтылғандар,
Жалғыз заттан мың түрлі дәлел табар», - деп.
«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы