27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Күтпеген жерден қолын созған бейтаныс

Ғибратнама
Жарнама

Күндердің бір күнінде Меккеден ұзақтау жерде тұратын жалғыз басты қарт әйел кісі болыпты. Ол Мұхаммедтің (с.а.с) пайғамбарлығын қабылдамай, керісінше оған қарсыөшпендік сақтап ол кісі туралы жаман ойлар түйіп жүреді екен. Өз көзімен көріп, танып-білмеген болса да, кәпірлердің ол туралы айтып жүрген жалалары мен өтіріктеріне әбден қанық болған екен. 

Сөйтіп бір күні ол кісі кей керек заттарын алу үшін Меккеге барады. Керек-жарақтарын түгендегеннен кейін қараса, әлгі заттар бір өзінің шамасы жетпейтіндей тым ауыр, әрі көп болып кетіпті. Өткен-кеткендерге көмек тесулерін, жеткізіп берсе ақшаларын беретінін айтып жалынып-жалбырап бағады. Алайда бәрі бекер. Себебі берер ақшасы аз, жүк ауыр, күн ыстық, ал баратын жер тым ұзақ еді. Ешбір адам ол апайдың ұсынысын қабылдамады.

Осылайша біраз уақыт көмек іздеп, үміті үзіле бастайды. Осы арада Мекке көшелерінен өтіп бара жатқан бір бейтаныс кісі бұл апайдың шарасыз тұрғанын байқап, қасына келіп егер қаласа көмек көрсететінін айтады. Сонда әлгі қарт әйел кісі:

–Мен егде тартқан қарт адаммын, мына заттарымды көтере алатын емеспін, маған осы заттарымды жеткізіп беріп бір жақсылық жасашы,–дейді.

Сонымен әлгі бейтаныс кісі апайдың бүкіл заттарын арқысына асынып, жаяулатып үйіне шейін апарып береді. Ара қашықтық қанша ұзақ болса да әлгі бейтаныс кісі заттардың ауырлығына еш қабағын шытпаған, жүзінен де наразылық байқалмаған екен. Қарт әйел кісі заттарын үйіне жеткізіп алғаннан кейін әлгі бейтаныс кісіге қалай алғыс айтарын білмей:

–Әй, балам! Менең саған мына көмегіңе қайтарым боларлық қымбат дүнием жоқ, алайда саған өте қымбат бір насихат айтайын,–дейді. Бейтаныс кісі:

–Айта қойыңыз.

–Мұнда, Меккеде біреу бар. Оның аты Мұхаммед. Ол өзін Алланың елшісімін, әрі пайғамбарымын дейтін көрінеді. Сен оған сеніп қалма, ол сиқыршы адам, әрі барып тұрған өтірікші.

Қарт әйелдің әңгімесін естіп тұрған бейтаныс кісі сәл жымиып:

–Сіздің айтып тұрған бұл адамыңыз мен екенімді айтсам қайтесіз?–дейді. Сонда алгі апай айтқан сөзінен ұялып, сонымен қатар бұл бейтаныс адамның (с.ғ.с) ахлақ-мінезінің көркемдігіне таң қалып, еш кідірместен:

–Ендеше мен Алладан басқа құдайдың жоғына, ал Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік етемін,»–деп сол сәтте иманға келген екен.

Бөлісу: