27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Нәпсіні сындыратын амал

Ғибратнама
Жарнама

Бірде шейх Шағрауйды бір жерге насихатқа шақырып, баласы Абдрахман екеуі бірге барады. Халыққа насихат айтылған соң,  жұртшылық шейхқа  деген махаббатынан оны мінген көлігімен бірге қаладан көтеріп шығарып салыпты. Қаладан шыққан соң біраз уақыттан кейін  бензин құйып, намаз оқып алу үшін тоқтауға мәжбүр болады.

Шейх сол жердегі мешіттің әжетханасына кіріп кетіп, біраз айналады. Баласы алаңдап дәретханаға барса, бір адамның әжетхананы ысқылап жуып жатқанын естиді. Қараса, әкесі сәлде - шапанын шешіп қойып, әжетхананы өзі тазалап жатқанын көріп: "Әке, мұныңыз не?", - деп сұраса, шейх: "Балам, бағана ана адамдардың мені көлігімізбен бірге көтергендерін көрдің емес пе? Сондықтан нәпсімнен қорқып, мына қызмет арқылы тазаланғым келді. Себебі нәпсі мақтаған сайын тәкаппарланып, жел толған шарға ұқсап үлкейе береді. Оның желін осындай нәпсіні сындыратын амалдар арқылы шығарып тұру қажет, әйтпесе атылып кетесің", - деген екен. Шейх Шағрауйдың айтқаны  Алла Тағала: "...Алла оларды, олар да Алланы жан - тәнімен жақсы көретін болады.." (Мәида:54), -деп білдірген нағыз мүміндердің бойынан табылатын  сипат болатын.

Алла баршамызға сол сипатты нәсіп етсін! 

 

 

«Нұр – Мүбарак» университетінің докторанты.

Қуат Қабдолда

Бөлісу: