26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бақытыңа орай саған көмек көрсете аламын

Ғибратнама
Жарнама

Американдық бір бай іскер адам жұмыс бабымен Мексикада болып, кішкентай бір мексикадағы ауылға соғады. Судың жағасында отырып, бір кіші кеме көреді. Кеменің іші толған балық. Балықшының жанына барып: “Сәлеметсіз бе, осыншама балықты аулауға қанша уақытыңыз кетті?” – дейді. Балықшы бар жоғы бір-екі сағатының кеткенін айтады.

Американдық таң қалып неге теңізде ұзағырақ тұрып, көбірек балық ұстамағанын сұрайды. Балықшы отбасы үшін ұстаған балық саны жеткілікті екенін айтады. Американдық балықшыдан қалған уақытта не істейтінін қызыға сұрайды. Балықшы: “кеш жатамын, таңертең аздап балық аулаймын. Сосын балаларыммен ойнаймын, түсте жұбайым Мариямен әңгімелесіп отырамын. Кешкісін достарыммен гитара тартып, ән айтамыз. Өте мәнді және де қызықты өмірім бар,” – дейді.

Американдық мысқылдап “Мен Гарвардта магистратураны бітіргенмін, бақытыңа орай саған көмек көрсете аламын. Балық аулауға көбірек уақыт бөліп, ол үшін де қазіргіден үлкенірек кемең болуы керек. Үлкен кемең болса, табысың көп болады. Табысың көп болса, тағы бірнеше кеме ала аласың. Осылайша тез арада балық фабрикасын құра аласың. Балық секторында үлкен балықшы бола аласың. Әрине осы айтқандарыма жету үшін ең алдымен ауылдан үлкен қалаға қоныс аударуың керек, кейін Лос Анджелесте және қызметіңде одан әрі өсу үшін Нью Йоркте тұруың керек”, – дейді. Балықшы біраз ойланып тұрып:

– Осы айтқаныңызға қанша уақытта жетуге болады? – дейді – 15-20 жыл шамасында.

– Ал, бәріне жеткенімде не болады?…

– (американдық күліп жіберіп) Бұл айтайын дегенімнің ең жақсысы! Уақыты келгенде, компания акцияларын биржаға қойып, жақсы бағаға сата аласың! Аз уақыт ішінде бай болып миллион ұтасың!

– Миллион!? хмм, ал сосын ше?

– Сосын зейнетке шығасың. Кішкентай бір ауылға көшіп, кеш уақытта жатып, қаласаң аздап балық аулап, немере-шөберелеріңмен ойнайсың, жұбайыңмен көптеп уақыт өткізе аласың, кешкісін де достарыңмен кездесіп гитара тартып, өлең айтасың. Ғажап емес пе?

– Иә, жақсы екен.. бірақ мен қазір де соны істеп жатқан жоқпын ба!

Ал сіз не ойлайсыз?!

 

 

 

«ummet.kz» рухани - ағарту порталы        

Бөлісу: