26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Уақыттың қадірін білгіңіз келсе...

Ғибратнама
Жарнама

         Уақыт ешкімге құлақ аспай зымырап өтіп жатыр. Көпшілігіміз уақыттың қадірін біле бермейміз. Оның қадірін қалай білуге болады десеңіз? Жақсылап тыңдаңыз:

 

         Бір жылдың қадірін білгіңіз келсе, келесі сыныпқа өте алмаған оқушыдан сұраңыз.

         Бір айдың қадірін білгіңіз келсе, 8 айлық сәбиді дүниеге әкелген анадан сұраңыз.

         Бір аптаның қадірін білгіңіз келсе, апталық журнал шығаратын журналистен сұраңыз.

         Бір сағаттың қадірін білгіңіз келсе, кездеспек болған екі ғашықтан сұраңыз.

         Бір минуттың қадірін білгіңіз келсе, поездан қалып қойған адамнан сұраңыз.

         Бір секундтың ішіндегі долесекундтың қадірін білгіңіз келсе, олимпиядада күміс алқа таққан спортшыдан сұраңыз.

         Әрбір сәтті дұрыс пайдалан. Уақыт сені ешқашан күтпейді. Өткенің тарих, болашақ сен үшін беймәлім сырларға толы. Біле білсең осы сәт – сен үшін үлкен мүмкіндік.

         Ең мүмкіндік көп күнім – оыс күнім,

         Ең нұрлы арайлы сәт дағы – осы сәтім.

         Жүрегіңе жете ме, досым, үнім,

 

         Сырың бар ма мұныма қосатұғын.

Бөлісу: