26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Cіз алсыншы деп едім...»

Ғибратнама
Жарнама

Екі ағайынды бірде ренжісіп қалыпты. Ағасы “інім келіп кешірім сұрар” деп күтіпті. Ол келе қоймайды.

Шыдамаған ағасы інісіне келеді, сөйтсе інісі де сағынып жүр екен. Ағасын көре салып, құшақтап жылап жіберіпті. Сонда ағасы:

- Сен кішісің ғой. Неліктен бірінші болып келіп кешірім сұрамадың? – дейді.

Сонда інісі:

- Жаным ағатайым! Кім бірінші болып кешірім сұраса сол мол сауап алады деуші еді. Сол сауапты өзіме қимай Сіз алсыншы деп тосқан едім, – депті көз жасын сүртіп.

Бөлісу: