27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

ДЖЕК МА: «ЖАЛҚАУЛЫҚТЫҢ ЖАУЫ»

Ғибратнама
Жарнама

Қайырымды қайырым етпес есеппен,

Тегін берсең, бұл қақпан дер.

 

• Азғантай ақша салып, іс қыл десең,

Оның да пайдасы көп бола қоймас. 

 

• Қомақты салым сал десең,

Ақшамыз жоқ деп, ала қашар. 

 

 • Туып оқу –тоқусыз, жүре сауат ашады,

Білім алсаң, ісіңде өрге басады.

Жаңа тақырып зерттеп көр десең,

Тәжірибем жоқ деп басын алып қашады.

 

 • Бұл қалыптасқан іргелі кәсіп десең,

Тым ауыр екен деп шағымданады. 

Жаңа кәсіп, қосыл десең,

Ол пирамида деп жауды жақындатады. 

 

 • Дүкен аш сауда жаса,

Саудада береке бар,

Онда еркіндік болмайды

Жүрейін осылай аман есен дер.

 

 • Тәуекел деп тасқа түс,

Бекем буып беліңді

Жаңа кәсіп шұғылдан десең,

Түңілбектер, кепілдік жоқ деп шегінді.

 

Оларда ортақ бір қасиет,

Google-ден сұрау салады

Өздеріндей достардан

Осылай насихат алады.

 

 • Мен жасаған қорытынды:

Жүрегің тез-тез соққанша,

Ісіңмен ширақ қимылда,

Бос қиялға берілмей,

Ойлағаныңды іске асыр.

 

Жалқау адам кедейлікке бір қағиданың жетегінде жетіп жатыр. Ол: «Өмірі тек күтумен өтіп жатыр!» 

Сіз кімсіз? Өзіңіз шешіңіз!

 

 

«ummet.kz» рухани ақпараттық порталы

 

 

Бөлісу: