26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әлидің (р.а.) тұсында бүлік неге көбейді?

Ғибратнама
Жарнама

Хазреті Әлидің (р.ғ.) халифалық еткен уақытында хазреті Османның (р.ғ.) шәһид етілуімен болған бүлік тағы да жалғасын тауып жатты. Бұл жағдайға қатты қайғырған бір кісі хазреті Әлиге (р.ғ.) келіп:

– Иә, Әли! Хазреті Әбу Бәкір (р.ғ.) мен Омардың (р.ғ.) заманында болмаған мынадай сұмдық жағдайлар сенің дәуіріңде орын алып жатыр. Мұсылмандардың бір-бірімен жаға жыртысуы қалай өзі? – дейді.

Сонда хазреті Әли (р.ғ.) сауал қойған кісіге:

– Хазреті Әбу Бәкір (р.ғ.) мен Омардың (р.ғ.) заманында біз бар едік. Алайда олар біздің заманымызда жоқ қой, -  деп ұлылық жауабын берген екен. 

«Ummet.kz» рухани-ақпараттық порталы

Бөлісу: