26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қонақ үйде ғибрат бар

Ғибратнама
Жарнама

Шейх Мұхаммед Ратиб Наблуси айтады: Қонақ үйлердің бірінде жазылған мына бір сөз маған қатты ұнады"Егер сізді разы ете білсек, біз жайында айта жүріңіз. Ал егер разы ете алмасақ, кемшілігімізді бізге келіп айтыңыз!деген сөз.

Міне, осы ғажап сөз арамыздағы "Ғайбатты, өсекті, жамандауды" тоқтату үшін қолданып көрелік. Тілдің сүйегі жоқ. Дегенмен, талайдың түбіне жетеді. Өмір қысқа ғана қысса емес пе?!

Топырақтан жаралдың,топырақтың үстінде жүресің, топыраққа қайта ораласың.

Артынша есеп-қисап басталады,сауаптың сыйын көресің немесе күнәнің жазасын тартасың.

Олай болса, ғұмырыңды Алланың разылығын табуға арна, ең бақытты жандардың бірі болатындығыңа кепілдік бар.

 Аударған Бауыржан Әлиұлы

ummet.kz-ақпарат

 

 

Бөлісу: