25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

100 теңгесін садақаға қимайды, бірақ...

100 теңгесін садақаға қимайды, бірақ...

Ғибратнама
Жарнама

Адам 100 теңгесін садақаға қимайды, бірақ сол 100 теңгеге магазиннен бірдеңе алғысы келсе ешнәрсе сатып ала алмайды...

Адам дұға жасауға 10 минутын көп көреді, бірақ бір кино немесе футбол ойынын қарауға 1,5 сағаттың өзі аз сияқты көрінеді...

Футболға қосымша уақыттың берілуіне қуанады, ал Жұма намазы кезінде оқылатын уағыздың қосымша бірнеше минутқа созылғанына ашуланады...

Адам біреуден естіген өсекке тез сеніп қалады, бірақ туралығы күмән келтірмейтін кей нәрсені мойындағысы келмейді...

Адам бір сағатын ғибадат жасап мешітте өткізсе, ол уақыт тоқтап қалғандай болады, бірақ теледидар алдында қанша сағат отырса да уақыттың зымырағанын сезбейді...

Адам намаз оқыған кезде ғибадат жасаған кезде дүниелік нәрселерді көп ойлайды, бірақ дүниелік істермен айналысқанда Ислам туралы еш ойламайды...

Адамға бір сүрені және оның мағынасын оқу қиынға соғады, бірақ бір романды оқуға еш қиналмайды...

Адам концертке барса ең алдынғы қатарларда отыруға тырысады, бірақ мешітте намаздан кейін тез шығып кетейін деп, ең соңына отыруға тырысады...

Адам бір аят немесе хадис жаттауға қиын дейді, бірақ үздік 10 әншінің өлендерін жатқа біледі...

Адам бір діни әңгіме үшін уақыт таппайды, бірақ дүниелік істер үшін уақыты көп болады..

Адам діни әңгімелерді тыңдауға, айтуға қызықпайды, бірақ өсекті тыңдап, басқаға айтудан ешқашан жалықпайды..

Адам Жәннатқа баруды армандайды, бірақ ол үшін ешнәрсе жасағысы келмейді...

Адам күнде біреудің қайтыс болғаны жайлы хабар алады, бірақ сонда да өзінің бір күні қайтыс болатынын ойламайды...

Адам бір күні шіріп кететін денесін жақсы формада сақтау үшін не жегенін қадағалап жүреді, бірақ ешқашан шірімейтін рухына еш күтім жасамайды...

материал «Өнеге» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: