25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тақуа – мүминнің ең маңызды жол сілтеушісі

Тақуа – мүминнің ең маңызды жол сілтеушісі

Ғибратнама
Жарнама

Мұминнің өмірін мәнді де мағыналы ететін ең маңызды қасиеттер – ықылас пен тақуа. Өйткені, ықылас пен тақуа арқылы Алла Тағалаға құлшылықты өз шыңына жеткізу – өмірдің негізгі мақсаты мен құлдың жаратылыс хикметі.

Тақуа – нәпсіқұмарлықты жойып, рухани қабілеттерді дамыту. Яғни мүминнің тек Алланың разылығын іздеп, бұл арқылы Хақ Тағаламен дос болуды қамтамасыз ету.

Мүминнің ең маңызды жол сілтеушісі – тақуа. Бұл туралы Раббымыз былай деген: «... Тақуа иесі болсаңдар, Алла сендерге (білмегендеріңді) үйретеді!» (Бақара, 282). Демек, тақуа – ең күшті мұғалім, еш адаспайтын жол сілтеуші. Хақ та, бәтыл да, жақсылық та, жамандық та, бұрыс пен дұрыс та тақуамен анықталады. Өстіп, тақуа арқылы Алла Тағалаға дос болып, Оның разылығына бөлену бағытында үлкен асулардан асылған болады. Бұл достық пен жақындықтың нәтижесінде Алла Тағала құлының көретін көзі, еститін құлағы, сезінетін жүрегі болады. Бұл деңгейге жеткендер мына дүние сынақ дәрісханасы екенін толық түсіне отырып, өмір сүреді. Жүректері иләһи ұлылық пен құдірет нақыштарының танысы болады. Малдары мен жандарын Хақ разылығына дәнекер етеді. Иманның ләззатын татады. Мархаматтары кеңейеді. Хақ пен Оның жаратқандарына қызмет ету олардың өмір салты мен үлкен ләззат алудың көзіне айналады. Бұл ерекше халді өмір салтына айналдырған үлкен адамдардың бірі Явуз Сұлтан Сәлім хан.

Османлы мемлекетінің тоғызыншы патшасы болған бұл үлкен кісі сегіз жылғы қысқа билік өмірінде 620 жылдық Османлы Мемлекеті тарихына, сондай-ақ 1400 жылдық Ислам тарихына ең жоғары абзалдық үлгісін қалдырған ерекше тұлғалардың бірі. Оның хақ пен әділдікке қатты тәнті болуы мен кейде байқатқан қаталдығы Хаттабтың ұлы Омарды еске түсіретіндей.

Бұл үлкен мүжәһид Ислам бірлігін (лигасын) қамтамасыз ету мақсатымен шығысқа қарай көптеген жорықтар жасап, нәтижесінде Диярбакыр, Палестина, Шам, Сирия өңірі мен Мысырды жеңіп алған. Ақыры Харамайн Шәрифәйнді мемлекетінің шекарасына қосып, «Османлы мемлекетінің тұңғыш халифасы» атағына ие болған. Оны хұтба кезінде «Харамайн Шәрифәйннің әкімі» деп атаған имамға:

«Жо-жоқ! Керісінше, Харамайн Шәрифәйннің һадими/қызметкері...» деп айтуын ескертіп, осылай міндетінің абыройын қандай рухани кемелдікпен арқалағанын көрсете білген. Алла Тағала аят кәримәда: «... Кімде-кім Аллаға тақуалы болса, Алла оған шығар жол сыйлайды» (Талақ, 2) деп айтқан. Бұл аят кәримә бойынша Явуз Сұлтан Сәлім ханның жеңістері мен жетістіктерінің негізінде көңілінде ерекше жағдайдың бары айдан анық жағдай. Расында, ол ықылас пен тақуасының берекетімен көптеген мәселеде Алланың қолдауы мен қуаттауына бөленген. О, Раббым! Өміріміз бойы Саған ықылас пен тақуа өлшемдерімен бет бұра білуді нәсіп еткейсің! Ақтық демімізге дейін бізді құлшылықта болдыра гөр! Құзырыңа да тек мұсылман ретінде келе білуді баршамызға нәсіп ет, оны бізге оңай қыла гөр!

материал «Бір насихат, мың бір ғибрат» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: