26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Адамның екі дүниеде де құнын аттыратын 7 нәрсе

Адамның екі дүниеде де құнын аттыратын 7 нәрсе

Ғибратнама
Жарнама

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы «Бес қымбат» деген өлеңінде адамды қадірлі ететін, екі әлемде де құнын арттыратын бес бағалы нәрсені былайша атап өтеді:

Ең әуелі керек нәрсе иман деген,

Ақырет істеріне инан деген.

«Құдай кешірер» дегенмен, іс бітпейді,

Иман шартын білмесе, есен деген.

 

Екінші керек нәрсе – ғақыл деген.

Ғақылсызда таупық жағы тақыр деген.

Аз іске ашуланып, дінін бұзар,

Иманын кәпірлікке сатар деген.

 

Үшінші қымбат нәрсе – сабыр деген,

Сабырлысы мұратын табар деген.

Әр істе сабырсыздың тәубе-зорлық,

Сабырсыздық басқа пәле салар деген.

 

Төртінші, қымбат нәрсе – шүкір деген,

Нығыметке шүкірсіздік – күпір деген.

Жатқан жерден «Құдай кешір» деген қорлық,

Себеп іздеп тура жолмен жүгір деген.

 

Бесінші, қымбат нәрсе – әдеп деген,

Әдепсізде иман тұру ғажап деген.

Кәпірлік әдептіде тұрмағандай,

Әдеп деген махаббатқа себеп деген.

 

материал «Бабалар ұстанған ақида» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: