06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Менен көрген мінез, итте де бар

Ғибратнама
Жарнама

Имам Әбу Усманды бір кісі үйіне қонақ етіп шақырады. Үй иесі Әбу Усманның төзімділігін сынап көргісі келеді. Әбу Усман айтылған үйге келген кезде, үйдің иесі оған:

«Мен сізді танымаймын, мен сізді шақырған жоқпын», - деп оны кері қайтарады. Әбу Усман бұрылып кері қайтқалы жатқанда, әлгі адам: «Ұстаз! Келіңіз мен едім сізді шақырған», - деп оны үйге шақырады. Әбу Усман оның алдына екінші рет келеді. Үйдің иесі қайтадан бұрынғы айтқан сөзін қайталайды. Осылайша төрт - бес рет осы жағдай орын алады, бірақ Әбу Усманның жүзінде ешқандай өзгеріс байқалмайды. Сонда әлгі кісі кешірім сұрап: «Уа Ұстаз! Мен сізді сынамақшы болған едім, мінезіңіз неткен кермет еді»,- деп ағынан жарылады. Сонда Әбу Усман: «Менен көрген мінезің итте де бар. Шақырсаң келеді, қусаң кетеді», - дейді. 

Бөлісу: