Ибн Лұқман әкесінен: «Адамның қайсы қасиеті жақсы»,- деп сұрады.
Әкесі:
- Дінді жақсы ұстанғаны – дейді.
Баласы:
- Егер екі қасиеті болса ше?
Әкесі:
- Діні және байлығы, - дейді.
Баласы:
- Егер үшеу болса ше?
Әкесі :
- Діні, байлығы және ұяты, - дейді.
Баласы:
- Егер төртеу болса ше?
Әкесі:
- Діні, байлығы, ұяты, және көркем мінезі, - дейді.
Баласы:
- Егер бесеу болса ше?
Әкесі:
- Діні, байлығы, ұяты, көркем мінезі және жомарттығы, - дейді.
Баласы:
- Алтау болса ше?
Әкесі:
- Балам, егер адам бойында осы бес қасиет бар болса, оның шынайы тақулықтың ләззатын сезінгені, шайтаннан таза, Алланың досы болғаны, -деп айтқан екен.
Қанат Қалымбет