26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алламен дос қылатын, бес қасиет.

Ғибратнама
Жарнама

Ибн Лұқман әкесінен: «Адамның қайсы қасиеті жақсы»,- деп сұрады.

 

Әкесі:

-       Дінді жақсы ұстанғаны – дейді.

Баласы:

-       Егер екі қасиеті болса ше?

Әкесі:

-       Діні және байлығы, - дейді.

Баласы:

-       Егер үшеу болса ше?

Әкесі :

-       Діні, байлығы және ұяты, - дейді.

Баласы:

-       Егер төртеу болса ше?

Әкесі:

-       Діні, байлығы, ұяты, және көркем мінезі, - дейді.

Баласы:

-       Егер бесеу болса ше?

Әкесі:

-       Діні, байлығы, ұяты, көркем мінезі және жомарттығы, - дейді.

Баласы:

-       Алтау болса ше?

Әкесі:

 

-        Балам, егер адам бойында осы бес қасиет бар болса, оның шынайы тақулықтың ләззатын сезінгені, шайтаннан таза, Алланың досы болғаны, -деп айтқан екен.

 

Қанат Қалымбет

Бөлісу: