25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әдепсіздерден «әдеп» үйрену

О баста журналистік мамандықты таңдаған өзі. Енді міне табанынан тоздырып сұқбат алу үшін бүгін де бір кісіге баруы керек. Атағы дардай бұл өнер адамын бірнеше рет хабарласып жүріп əрең көндірген. Онсыз да танымалмын, атағым жер жарып тұр дей ме, жоқ көкірегіне нан пісіп дандайси бастағандікі ме, əйтеуір, сұқбат алу үшін хабарласа қалса, уақыты жоқтығын айтып бастарын алып-қашатын осындай кісімсымақтарға іштей зығырданы қайнайды.

Ана – иләһи құдіретпен кеңейтілген рахмет құшағы

Әр жандының әу бастағы бірдей қасиеті – әлсіздікпен дүниеге келуі. Осыған орай олардың бұл әлсіздіктерінен қүтылып, кемелдікке қарай ілгерілеулері үшін мейірім мен жан ашырлыққа мұқтаждығы бар. Ағаштың бүршіктенуінен адам баласына дейін күллі жандыларда жағдай бірдей.

«Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың»

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез-келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. Өйткені олар уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен қағылатындықтарын жақсы біледі.

Мына үш нәрсені жасамай білім еш пайда бермейді

Яһудилерде сексен сандық кітап жинап, бірақ сол білімнен пайда алмаған бір кісі болыпты. Сонда Алла Тағала сол замандағы пайғамбарға былай уахи етіпті:

Бақытымызды өз шаңырағымыздан іздейік

Бір күні Қожанасыр көшенің қақ ортасында әр тұсқа бір қарап, шарқ ұрып сандалып, ары-бері ұзақ жүреді. Қожекеңді көргендер:

Маған да азан оқышы (ғибратты әңгіме)

Далада бір топ бүлдіршін ойынның қызығына түсіп жатқан. Араларында Махзура да бар еді. Кішкентай Махзура азан шақырғандай даусын созып, өз қылығына өзі тырқылдап күліп тұрған. Тура сол сәтте балалардың қасынан Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өтіп бара жатты.

Ақылды адам немен айналысуы керек?

Ақылды деп өз пайдасын, зиянын білетін адамға айтылады. Дүниелік табыстарын ойланғандай, ахиреттік табыстарын да ойланатын адам – ақылды.

Жігіттің жігіті – нәпсісіне ие болғаны

Халық арасында «жігіттің төресі өзінің нәпсісіне ие болып, иманын сақтай білгені» деген ұстаным болды. Шал ақын ердің ері ғана иманын сақтап, нәпсісіне ерік бермейтінін ескертеді:

Қызыл алма немесе ұлы ғалым жайлы ұлағат

Әбу Ханифаның әкесі Сәбиттің жас жігіт кезі болатын. Бірде дәрет алып, бет-аузын сүртіп тұрғанда арықта ағып келе жатқан алмаға көзі түседі. Алманың әдемі түсі шынында да көз тартатын. Сәбит шыдай алмай, суда ағып келе жатқан алманы алып бір тістейді. Сонан соң ол: «Мен не істеп қойдым? Бұл алманың иесі бар шығар? Оны тауып, дереу, ризашылығын сұрайын», – деп өзен бойымен жоғары қарай алманың иесін іздеуге шығады.