25
Сәрсенбі,
Қыркүйек

һижри

Алланың тағдырына ризалық танытыңыз

Алланың тағдырына ризалық танытыңыз

Ислам тарихы

Имам Асмағи былай деп əңгімелейді:

“Шөлде бір бəдəуидің шатырының тұсынан өттім. Бəдəуи əйел өте сұлу ал күйеуі өңсіз екен. Əйелге қарап:”Сен мынаның астына жатуға ризасың ба?!” деп сұрадым. Ол маған қарап: Уа, жүргінші! Мынаның Алламен арасындағы қарым-қатынасы жақсы болғандықтан, мені сол жақсы қатынастың сауабы,сыйы ретінде нəсіп еткен шығар. Ал менің Алламен арадағы қарым-қатынасым дұрыс болмағандықтан мынаны маған жаза ретінде нəсіп еткен шығар. Алланың ризалық танытқанына мен неге разылық білдірмейін?!” деп жауап берді. Алланың жазғанына ризалық білдіру кісінің имандылығын көрсетеді. Алла Тағала осы имани қасиетті сіз бен бізге нəсіп етсін!

материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары» жинағынан алынды,

ummet.kz



Бөлісу: