Алла елшісі (с.ғ.с): «Шын мәнінде, адамдардың арасында Алланың таңдаулы құлдары бар», - дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Алла елшісі (с.ғ.с) олар кімдер?» - деп сұрайды. Сонда (с.ғ.с): Пайғамбар «Олар – құран иелері. Олар – Алланың нағыз әрі таңдаулы құлдары», - дейді.
Осы хадисті естігенде қазіргі араб ұстазым, құранның нағыз маманы – Умм Әсма (Алла өміріне береке берсін) есіме түседі. Ол кісі – құранның 10 қырағатын меңгерген жоғарғы деңгейдегі қари. 10 қырағатты 9 айда бітіріп шыққан! Ұстазға қазірге дейін құран тапсырамыз. Аптасына алты күн бойы қыздардан сағаттап отырып құран қабылдайды. Тек бір күн ғана демалады. Ешкімнен ақы да алмайды.
Ақы демекші, бірде қыздар: «Өзіңізге ұнаған алтын аларсыз», - деп ақша жинап берген. Бас тартқанына қарамастан қолқалап тұрып алған соң, амал жоқ көнген. Кейін күйеуіне қыздардың алтын алыңыз деп ақша жинап бергенін айтқан. Сонда күйеуі: «Өзім алып беремін», - деп ақшаны кері қайтартқан. Кішіпейілдіктері сондай, құранға ақы алып қоямыз ба деп әрқашан қауіптенеді. Тіпті сыйлықты аса алғысы келмейді. Өйткені, құранға деген қызметтерінің сыйын ақыретте көргісі келеді. Жәннаттың төрін қалайды. Ұстазымыздың осы ұлы мақсатына жетуін Алладан тілейміз!
материал «Оқы да, жоғарыла» кітабынан алынды,
ummet.kz