29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Ұялу мен ынжықтықтың айырмашылығы

Ұялу мен ынжықтықтың айырмашылығы

Ислам тарихы

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ансарлық екі кісінің қасынан өтіп бара жатып бірінің екіншісіне көп ұяла бермеуін айтып тұрғанын құлағы шалады да:

– Оны қоя бер! Ұят тек жақсылық әкеледі! - дейді.

Ұялу мен ынжықтықтың айырмашылығы бар. Екеуін ажыратып алу керек.

Ұялу – иманнан, ол – көркем мінездің көрінісі. Ал ынжықтық – адам табиғатындағы жағымсыз қылық.

Ұялудың басы – әуелі Алладан ұялу. Оның бұйырғанына көніп, тыйғанынан қайту. Күнә-қателікке бой алдырмау. Шамасы жетсе жамандықтың бетін қайтарып, алдын алу.

Адамдарға кешірімді болу, кешірімді көзбен қарау. Алла маған кешірімді ғой, мен неге кешірімді бола алмаймын деп ұялу. Адамдар қалай қарайды деген оймен ешнәрсе істемеу. Ақың кетсе де үндемеу. Зұлымдық көрсең де маған қатысы жоқ деп басыңды салбыратып, ләм-мим демей тұрсаң, міне, сол – ынжықтық. Мұны ұялу деп ойлама! Алла орынсыз ынжық болатын құлдарын жақсы көрмейді. Ұялатындарды жақсы көреді.

материал «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: