24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сыйлық алуы мен беруі

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сыйлық алуы мен беруі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Сахабалар пайғамбарымызға әр түрлі сыйлықтар жіберетін. Пайғамбырымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) достары мен жақындарының жіберген сыйлықтарын сүйіспеншілікпен алатын, кері қайтармайтын.

Бірде Алла елшісіне бір кісі мата тарту етеді. Бірақ сол матаны басқа біреу сұрағанда бере салады. Алла елшісі өзіне сыйлық бергендерге өзі де сый тартуды ұнатады. Бір әулеттің ұлдары Алла елшісіне түйе сыйлаған еді. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) оған сыйына сый жасауға әрекет жасағанда, ол қатты қысылады.

Осыны байқаған Алла елшісі: «Сендер маған сыйлық әкеліп жатырсыңдар. Мен алып жатырмын. Ал мен сол сыйлықтарыңа лайық қайтарым сыйлық берейін десем-қысыласыңдар. Егер осылай істейтін боласаңдар, мен де бұдан былай сендердің сыйлықтарыңды алмаймын»,- деген. Өзіне жасаған сыйлықтарға жақсылық жасамаса тұра алмайтын.

Алла елшісі былай дейтін: «Сыйлық алып-берісіңдер. Бұл – бір-бірлеріңе деген сүйіспеншілікті арттырады». Яғни кез-келген сыйлықтың артында керемет қарым қатынас барын ұмытпаңыз. Алланың елшісінің мәмілесіне қарасаңыз келген сыйлықтың өзін өзіне сый етіп беріп жіберіп жатыр. Кейде келген сыйлықтың өзін қуанып алып, кейін сый жасаудың орнын ұмытып кетіп жатамыз. Алайда мынадай ниеттен аулақ болу керек. Бір қоғамда болсын бір жерде болсын сізге сыйлық бермей қалған болса, ол үшін қатты қайғырып ауырмаңыз. Себебі адамның қолындағысына емес Алланың беретініне қуаныңыз.

материал «Еліктеуге кім лайық?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: