24
Сейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) не жасаса, біз де соны жасауға міндеттіміз

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) не жасаса, біз де соны жасауға міндеттіміз

Ислам тарихы

Өмірде дінді ұстану мұншалықты жеңіл, тек Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қай істі қалай жасағанын білу маңызды.

Мәселен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ешқашан тойып ас ішпеген, тамақтану барысында асқазанды ойша үшке бөлуді өсиет етті: үштен бірін асқа, үштен бірін суға, қалған үштен бірін бос қалдыруды насихат етті. Тойғаныңызды сезген сәтте ішіп-жеуді доғарсаңыз, асқазанның үштен бірін аспен толтырған боласыз. Енді осы асты сіңдіру үшін су ішесіз. Ал бос қалған бөлігі астың қорытылуына қолайлы жағдай туғызады.

Заманауи медицина бұл өсиетті қуаттай түседі. Яғни ғылым да «Егер әзірет Мұхаммед (с.ғ.с) айтқандай тамақтансаң, денің сау болады» деп айтады. Олай болса, осындай ниетпен тамақтансақ, әрі тәнімізді азықтандырамыз, әрі ақиреттік сауап аламыз.

Ұйықтау... Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ұйқы жайлы да өсиет еткен. Мысалы, ұйқыға жатудың ең тиімді тәсілі – оң жақпен жатып, оң алақанды оң жақ бетке төсеп, тізені аздап бүгу. Бұл – ұйықтаудың ең пайдалы түрі, әрі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өсиетін орындағанымыз үшін сауап аламыз.

Өміріміздегі барлық істі осылай құлшылыққа айналдыруға болады.

материал «Тәрбие сағатынан естеліктер» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: