25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қыздарға кеңес: Қоғамда еленбейтін маңызды әдептер

Қыздарға кеңес: Қоғамда еленбейтін маңызды әдептер

Исламдағы отбасы
Жарнама

Маңызы зор болғанмен қоғамда еленбейтін мына бір әдептерді жазып өтуді де жөн көрдік.

Адамдарға қарама-қарсы отырып қалған жағдайда қырыңызбен отыруға тырысыңыз, өйткені қазақта қыз кісіге тіке қарап отырмаған. Орамалдағы мұсылман әпке-сіңілдерім! Қазір фитнаның өршіп тұрған заманы, көшеге шыққан соң көзді сақтау қиынға соғады.

Мұсылман ер бауырларыңызға өзіңізді әсемдеуден тиюмен жәрдем беріңіз. Көйлегіңіз мүсініңізді көрсететіндей жабысып тұрмасын және боянған һәм сұлуланған кейіпте сыртқа шығудан сақтаныңыз. Бұл әрекетіңіз Раббыңызды разы етеді.

Кісілердің мейлі бала болсын, қарт болсын жолын кесіп өтпей, жол беруге тырысыңыз. Өзіңізге деген құрметіңіз өзгелердімқаншалықты құрметтей алатыныңызбен мөлшенеді.

Алдыңызда ер адам келе жатса оның алдына шығып кетпеңіз. Бұл мұсылмандық келгенге дейінгі надандық дәуіріндегі әйелдердің әдеті еді, оларға ұқсап қалудан сақтаныңыз. Қай жағынан қарасақ та, мұсылман қызына көшеде тілін шығарып еркектердің көзінше балмұздақ жеуі әдепсіздік болмақ, сақтаныңыз.

материал «Әйел сұлу көрінер әдебімен» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: