24
Сейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Білім мен амал үшін ықылас – парыз

Білім мен амал үшін ықылас – парыз

Ислам тарихы

Парыздың ішінде парыз бар ма? Иә, білім мен амал үшін ықылас – парыз. Өйткені ықылас – үйренілер білімнің, жасалар амалдың кілті. Білімге деген ықыласы болмаған шәкірттің ғалым не қоғам қайраткері болуы неғайбыл.

Ықыласы болмаса, алған білімінің берекесін көре алмай, қымбат уақытын құр өткізіп алу қаупі де жоқ емес. Білім ала алмаған адамдар кейіннен ұстаздарын кінәлап жатады, яки сан соғып, бармағын тістейді.

Ал ықыласты шәкірттер Аллаға тәуекел етіп, бар күш-жігерін ізденуге жұмсайды. Әр сәтін тиімді өткізгеннен кейін ғалым да болмақ, қайраткер де болады. Демек, білімгерлер ең алдымен ықыласын түзеп, содан кейін ғана білім алуға кіріcyi керек.

Мешіттен немесе жеке ұстаздардан білім алатын адам алдымен ықыласын күшейтіп, білімге деген құштарлығын еселеп арттыратын артықша амалдарды жасағаны абзал. Көзі мен құлағын, жалпы дене мүшелерін харамнан сақтап, білім мәжілістеріне тек үйрену ниетімен келсе ғана ынтасы ашылып, ықыласы артады. Ал көздегені білім болмағандар ешқашан пайдалы дүние үйрене алмақ емес.

материал «Ілім және кәсіп» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: