25
Сәрсенбі,
Қыркүйек

һижри

Әлеуметтік желіде уақытты тым көп өткізудің зардаптары

Әлеуметтік желіде уақытты тым көп өткізудің зардаптары

Ислам тарихы

Мен Масламаның қызы Асмамын, арабтың өте қарапайым отбасынанмын. Өз отбасым мен күйеуімді өте жақсы көремін. Құдай маған игі амалды, жанашыр күйеуді нәсіп етті... Шамамен 4 жыл бұрын мен отбасыммен Лондон қаласына көшіп бардым. Мен өте қарапайым болатынмын, күйеуім маған қаладағы барлық әдемі орындарды көрсетті, сол кезде мен ең бақытты адамның бірі едім.

Менің Мұхаммед (оған 3 жас) және Хадийл (оған 1,5 жас) деген екі балам бар. Өмірдің барлық мәні мен қызығын екі баламнан көрдім, өзімнің барлық уақытымды балаларыма жұмсадым, себебі олардың бақытты болуын қаладым. Менің күйеуім жақсы отбасынан шыққан жақсы адам болатын. Ол Лондандағы бір мейрамханада жұмыс жасайды.

Екі ай бұрын күйеуім маған тосынсый жасап, iPhone сыйлады. Мен ол телефонға маған керекті бағдарламаларды жүктеп алған едім, соның ішінде ең сүйікті бағдарламам Whatsapp болатын. Мен өз балаларымның суреттерін отбасыма және Америкадағы әпкеме жіберіп отыратынмын. Whatsapp мені түбегейлі өзгерткені соншалықты, мен балаларыма, күйеуіме және үй тірлігіне ұқыпсыз қарайтын болдым. Көптен араласпай кеткен достарымды іздеп және жаңа достар тауып, whatsapp-тың қызығына баттым. Күні бойы телефон қолымнан түспей, барлық тірліктерімді ұмытып, whatsapp-қа тәуелді болып қалдым. Бұрын мен балаларымен бірге тамақтанып, әзілдесіп, күліп-ойнап, әңгімелесетін болсам, ал кейін мен үйдегі мән-жайға көңіл бөлмей, түнгі сағат 3-ке дейін достарыммен әңгімелесіп отыра беретін едім.

Өткен айдың төртінші жұлдызында мен құрбыммен маған қатысты емес, бос әңгіме айтып отырғанымда, екінші бөлмеде отырған балаларымның: - Анашым! - деген дауысын естідім... (бұл менің ұлым Мұхаммедтің дауысы еді), мен оған айқайламай, ауызын жабуды бұйырдым. Себебі, мен ол кезде құрбыммен whatsapp-та сөйлесіп отырған едім. Менің ұлым үндемей, менің мазамды алмады. 10 минуттан кейін мен балалар бөлмесіне барсам, қызым Хадийл еденде естүссіз жатқанын көрдім, ал Мұxаммед көзіне жас толып қалған күйде үндемей отыр.

Мен: - Не болды? - деп айқайлап жібердім.

- Анашым, Хадийл аузына бір затты салып, оны жұтып қойды да оған ауа жетіспей қалды. Мен ол затты алып тастауға тырысқан едім, бірақ ала алмадым. Мен сізді шақырған едім, сіз маған аузымды жауып, үндемеуімді бұйырдыңыз - деді Мұxаммед жылап. Мен баламды ессіз адамдарша ұстап, сілкілеп, жұлқылай беріппін. Жедел жәрдемге телефон соғып, тез келуін өтіндім. Біраз минуттарда жедел жәрдем келіп, Хадийлді көріп, тексеріп, өкінішке орай, біз бұл қызды аман сақтап қала алмадық.

- Тым кеш... - деді дәрігер. Санаулы минутың ішінде полиция келіп, мені болған іс бойынша тергеді. Одан кейін мені және Хадийлді ауруxанаға апарып, тексеріс жүргізді. Күйеуім ауруxанаға келгенде, мән-жайдың бәрін сұрады, шын мәнінде қалай болды? Ол Хадийлден біржолата мәңгілікке айырылғанымызға сенбей жүрді. Менен болған оқиғаны айтуымды талап етті. Мен екі сөзімді құрастыра алмай, сөздерімнен өтірікті байқағаннан кейін, шындықты айтуымды талап етті. Мен оған болған оқиғаны еш өтіріксіз айтып бердім, себебі, отбасымды сақтап, күйеуімнен айырылып қалмас үшін толығымен айттым. Мен қалай болғанын бәрін әңгімелеп болғанымда, ол маған: - Талақ! Талақ! Талақ! - деп үш рет айқайлап, көзі жасқа толы кетіп қалды.

Менің жүйкем бұзылғандықтан, басқа ауруxанаға ауыстырды. Міне, мен достарыммен "уатсаппен" байланысамын деп, отбасымды бұзып, өз қызымнан, күйеуімнен айырылдым.

Қыздар, сіздерге менің оқиғам сабақ болсын, өз отбасыларыңызға, күйеу, балашағаларыңызға немқұрайлы қарамаңыздар. Алланың атымен ант етемін, өте ауыр. Әлеуметтік желіге кіргелі, Біз бастапқыдай емеспіз. Алланы толық түсінбедік. Құран оқымаймыз. Біздің намаздарымыз қаза болуда. Өз уақытымымызды үнемдемейміз. Оны телефон, әлеуметтік желі дегендерге бос өткізудеміз. Әлеуметтік желіге өз уақытты белгілеп, сол белгілеген шамада кіріп, уақыт шектетейік. Немесе неге оларды өшіріп тастамаймыз? Бір қораптың ішіне салып қамап қойғандай бізді, уақытымызды босқа кетірудеміз.

Уа, Алла! Бізді тура жолға салып, сол жолдан мына жалған дүниеге қызығып, Жәннаттан айырылып қалмауымызға көмек бере гөр! Алладан құдыретті және күшті ешкім жоқ!

материал «Мұсылманға ескерту» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: