Ұйықтар алдында смартфон қараудан арылудың жолдары:
1.Өзіңнің өзгере алуыңа сену. Өз өміріңе өзің қожа болу. Ұйықтар алдында смартфон қарамаймын дедің бе, демек, сол сөзіңде тұра аласың.
2.Табысты адамның сипаттарын бойға сіңіру. Яғни, ұйықтар алдында гаджет қарамайды, ұйықтар алдында ертеңге жоспар жасайды.
3.Осы жаман әдетті жалғастыра берсе, түбі қайда апарып соқтыратынын елестету. Ұйқысы қанбай, фокусы нашарлап, денсаулығына зиян келіп, жұмысы өнбей, депрессияға түсетінін елестету. Бұл әдеттен не үшін арылып жатқанын түсіну.
4.Бұл жаман әдетті жақсы әдетке айналдыруға болады. Мысалы, жатар алдында смартфон қарамаса тұра алмайтын адам енді электронды кітап оқысын. Бұл әрі пайдалы, әрі пайдасыз видео көруден сақтайды. Тез ұйықтап кетуге септігін тигізеді.
материал «Әдет күші» кітабынан алынды,
ummet.kz