16
Сенбі,
Қараша

һижри

Жұмада екі құтпа арасында дұға еткенде қол жайылмайды деген рас па?

Жұмада екі құтпа арасында дұға еткенде қол жайылмайды деген рас па?

Ислам тарихы

Жұма күні имам құтпа оқуға шыққаннан кейін, жамағат құтпаны тыңдап отыруға міндетті. Құтпа кезінде сөйлеуге, бір нәрсені шұқылап отыруға, намаз оқуға, біреуге бір нәрсе түсіндіруге, сәлемге жауап беруге, телефон шұқылауға, тіпті жұма құтпасы оқылып жатқанда зікір-тәспихат айтып отыруға да болмайды делінген кітаптарда1.

Ал екі құтпа арасында дұға-тілек жасалған кезде әдеттегідей қол жайылмайды, тек іштей дұға тілек тілеп отырса болады. Екі құтпа арасында дұға еткенде қол жаю мәкруһ2

Екі құтпа арасында неге қол жаюға болмайды? - десеңіз, пайғамбарымыз мінбеде хұтба оқығанда қол жайып дұға жасамайтын3. Сондықтан да, Ханафи, Шафиғи және Мәлики мәзхабтарында хұтбада қол жайып, дұға етілмейді. Ханафи ғалымы Бәдруддин әл-Айни рахимаһуллаһтың бұған байланысты: «Хұтбада сүннет болған - (қолды) көтермеу» дегендігі кітаптарында келтірілген4. Қолды көтермеу дегені қазақша «дұға жасағанда екі қолды көтеріп қол жаймау» деген мағынада. 

Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3\35 бет.
Ибн Ғабидин: «Роддуль Мұхтәр». 3\35 бет.
(Әбу Дәуід: «Сүнән», №1105.).
Бәдруддин әл-Айни: «Шарху сүнәни Әбу Дәуід».

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: