Ғалымдардан мынадай сөз қалған. “Дұға жасауды бәдәуилерден үйреніңдер! Себебі олар Құдайдан қандай да бір нәрсені сұрап дұға жасағанда, өте жақсы танитын танысынан сұрағандай сұрайды”.
Соның бір дәлелі ретінде мына бір уақиғаны келтірейік.
Бір бәдәуиге мынадай сауал қойылған екен.
- “Жақсылап дұға жасауды білесің бе?”.
- “ Иә. Білемін”.
- “Кәне, дұға қылшы, сені дұғаңды көрейік”.
- “Уа, Аллам! Біз Сенен сұрамасақ та, Сен бізге “иманды” нәсіп еттің! Ендеше сұрап тұрғанымызда, Сен бізді “жәннатыңнан” мақұрым етпе!” деп дұға қылған екен.
материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары»
жинағынан алынды,
ummet.kz