Сахаба Осман (Алла оған разы болсын) былай деп айтқан екен: «Мүмінде алты түрлі қауіп болады:
1. Алла Тағаланың иманын алып қоюынан қауіптенеді.
2. Періштелердің Қиямет күні масқара ететін күнәларын жазып қоюынан қауіптенеді.
3. Шайтанның өзінің жасаған сауапты ісін бұзуынан қауіптенеді.
4. Өлім періштесінің қаперсізде жанын алуынан қауіптенеді.
5. Дүниенің қызықтарына батып, ақыретін ұмытудан қауіптенеді.
6. Өзінің бала-шағасымен болып, Алланың зікірін ұмытудан қауіптенеді».
Уа, Жаратқан Жаббар Ием, иманымызбен жан тапсыруды нәсіп ет!
материал «Бауыржан Әлиұлының жазбалары»
жинағынан алынды,
ummet.kz