01
Жұма,
Қараша

һижри

Қонаққа барғанда мынаған көңіл бөлу керек

Қонаққа барғанда мынаған көңіл бөлу керек

Ислам тарихы

Қонаққа барғанда мынаған көңіл бөлу керек:

а) Қонаққа баруға ыңғайлы уақытты таңдау;
ә) Қонаққа бару жалықтыратындай жиі-жиі болмау;
б) Қонаққа барған кезде алдын-ала хабар беру;
в) Киімі таза, дұрыс болу;
г) Рұқсат алмастан біреудің үйіне немесе бөлмесіне кірмеу.

Қонақ күту – дініміз бойынша ізгі істердің бірі. Қонақжайлылық ұлттық салт-дәстүрімізде маңызды орын алады.

Қонақ алдындағы міндетіміз:

а) Қонақты жылы шыраймен, жайдары жүзбен қарсы алу;
ә) Барынша жақсы күту;
б) Қонақтың көзінше қызметшісіне немесе баласына зекіп-ұрыспау, қабағын түймеу;
в) Қонақты шығарып салу.

Шақырған жерге бару:

Бір мұсылман егер ыңғайсыз жағдай болмаса, дін бауырларының шақыруына баруы керек. Бұл үрдіс мұсылмандар арасындағы сүйіспеншілікті арттырады. Пайғамбарымыз бұл жайында былай деген: “Дін бауырларың тойға немесе қонаққа шақырса, барыңдар.” (Жәмиғус-сағир)

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бай болсын, кедей болсын, бөліп-жармай, тіпті қызметшісі шақырса да баратын.

материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: