Кім өмір жайлы ой жүгіртетін болса – бұл өмірдің қысқа екеніне көзі жетеді. Кім өмірден өткен болса, оны ұзын деп ойлайды.
Бірақ қабірде тұру – бәрінен ұзақ екендігіне көзі толық жетеді. Қияметтегі тұруды есептесе – оның елу мың жыл тұратынын біледі, ал енді жәннат пен тозақтағы тұруды есептесе – оның соңы жоқ екеніне көзі жетеді. Егер қайтадан мән беріп, назар салып қарайтын болса, онда дүниенің мерзімі аз екеніне көзі жетеді.
Мысалға, жер бетінде алпыс жыл өмір сүрсең – оның отыз жылы ұйқыға кетсе, он бес жылың балалық шақпен кеткен күнің. Өзіңде қалған уақыттарыңды санасақ, ішіп-жеу мен басқада қажеттіліктерді өтеумен уақыт өтеді. Егер уақытың осылай өтетін болса, ақыретіңе не қалады? Ақыретім деп істеген амалдарыңның ішінде рия, ғапілет толы. Олай болса ақырет немен сатып алынады – осы сағаттармен сатылып алынады...
материал «Имам Әбу Хазимнің өсиеттері» кітабынан алынды,
ummet.kz