26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бұрынғы ғалымдар не себепті қазіргі ғалымдардан басым түсті?

Бұрынғы ғалымдар не себепті қазіргі ғалымдардан басым түсті?

Ислам тарихы

Имам Әбу Хазим өзінің кезекті сөзінде:

«Бұрынғы ғалымдар өзінен әлдеқайда білімді адамды кезіктірсе, орасан зор олжаға кенелгенін сезіп, олардан көп пайда алып қалуға тырысатын. Ал егер білімі өзінің білімімен тең ғалымды жолықтырса, екеуі бірге тәжірибе алмасатын. Ал егер білімі өзінен төмен адамды көрсе, оның алдында ешқашан мақтанбайтын.

Ал қазіргі заманның адамдары жаппай құрдымға кетуде» дейді. Осы сөзге қосымша Уәкиғ ибн әл-Жәррәхтың (Алла оған разы болсын) мынадай бір керемет сөзі бар: «Адам – өзінен білімді адамнан да, өзімен тең дәрежедегі адамнан да әрі өзінен төмен адамнан да бірдей пайда алған кезде ғана пісіп жетіледі» дейді.

Бұрынғы ғалымдардың ең жақсы әдетінің бірі міне осы. Тіпті кей ғалымдар, адамдардың әдепсіз қылығын көрген кезде: “Әдеп-ахлақты – әдепсізден үйрендім” деген. Яғни, оларға сырттай қарап, олай әдепсіздік жасауға болмайтынын түсінген. Қорыта келер айтарымыз осы. Бүкіл адамнан пайда алуға болады.

материал «Имам Әбу Хазимнің өсиеттері» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: